Түркістан облысында жарапазан айтудан жарыс өтті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының жарамазаншылары Түлкібас ауданында бас қосып, өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысында жарапазан айтудан жарыс өтті

Қасиетті Рамазан айына орайластырылған шарада салт дәстүрімізбен бірге келе жатқан жарапазан дәстүрі кеңінен насихатталды.

Шараға Түлкібас ауданы әкімі Нұрлан Байғұт, Түркістан облысының наиб имамы Самат Анарбаев, ауданның бас имамы М.Серік қатысты.

Байқау нәтижесінде бас жүлдені түлкібастық «Арша» тобы қанжығасына байлады.

I орынды Төлеби ауданынан келген «Төлеби сазы» фольклорлық ансамблі, II орынды Отырар ауданынан келген «Отырар» триосы иеленсе, III орын Келес ауданының өнерпаздарына бұйырды.

Ал, аудан әкімінің арнайы сыйлығы «Созақ серілерінің» еншісінде кетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сый-сияпат табысталды.

Жарамазан дәстүріне сай өнерпаздар жиналған жұртқа ақ батасын беріп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.