08:47, 15 Қыркүйек 2020 | GMT +5
Түркістан облысында жастар жалғызбасты анаға баспана салып берді
ОТЫРАР. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Отырар ауданында ерекше қайырымдылық челленджі бастау алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Ұзақ жылдар бойы тозығы жеткен ескі үйде тұрған жалғызбасты анаға ауданның ерікті жастары баспана салып берді. Көксарай ауылының тұрғыны Есенкүл Әлібаеваның жағдайымен танысқан 1995 жылы туған ауыл жастары бірігіп, жаңа баспананың іргетасын құйып берген. Ерікті жастар қайырымдылық эстафетасын ауылдас аға-інілеріне жолдаған.
Бұл ерекше бастамаға барлық ауыл жастары үн қосты. 1982 мен 1998 жылғы ауыл жастары қаржы жинап, ауыл тұрғынына жаңа баспана салып берді. Осылайша ұйымшыл жастар қамкөңіл бір отбасына қуаныш сыйлады.Атап өтейік,