Түркістан облысында жауған қардың қалыңдығы 1 метрге дейін жетті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында қар қалып жауып, Төлеби ауданында ақ ұлпаның қалыңдығы бір метрге дейін жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында жауған қардың қалыңдығы  1 метрге дейін жетті

Синоптиктердің хабарлауынша, 20 ақпан күні ең төменгі температура Созақ ауданына қарасты Тасты елді мекенінде тіркелген. Мұнда термометр көрсеткіштері -10-15 градус аязды көрсеткен. Ал, Төлеби ауданындағы Шуылдақ стансасында жауған қардың қалыңдығы бір метрге дейін жеткен. Аудан орталығы Леңгір қаласында қардың орташа қалыңдығы 15 см, таулы аймақтарында 20 см-ге түскен.null

«Түркістан облысындағы кей аудандарында күндіз ауа райы -5 градусқа дейін суытады. Түнде аязды болып, термометр көрсеткіштері -2-7 градусқа дейін төмендейді. Жалпы ақпанның 22-25 аралығында ылғалды ауа райы күтілмейді. Келесі аптадан бастап +10 +15 градусқа дейін жылытады»,- дейді инженер-синоптик Әсем Нұрлыбаева.