Түркістан облысында жайылымнан жылқы ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Сарыағаш ауданында полиция қызметкерлері жергілікті базарлардың бірінен мал сатып тұрған күдікті екі жігітті байқайды. Оларды тексеру барысында сатып тұрғандары ұрланған мал екені анықталған. Күдіктілердің қолына сол жерде кісен салынып, өзге сыбайластарын іздеу шаралары жүргізілген.
Тәртіп сақшылары мал ұрлаған топтың құрамында Мақтаарал ауданының төрт тұрғыны бар екенін анықтап, төртеуі де полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу кезінде сезіктілер өз қылмысын мойындап, аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК 188-бабымен сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынып, айғақт ретінде алынған жылқылар заңды иелеріне тапсырылды. Ұсталғандардың тағы да басқа қылмыстық жайттарға қатыстары бар-жоқтығы анықталу үстінде.