Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті, деп хабарлайды Рolisia.kz.

Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті

Оқиға орнына жетісайлық полицейлер жедел жетті. Анықталғандай, бiр бағытта келе жатқан «BMW-525» маркалы автокөлігі мен «LADA GRANTA» соқтығысқан. Салдарынан «BMW-525» көлiгiнiң жүргiзушiсi рульді игере алмай, жолдың оң жақ бетінде орналасқан аялдаманы соққан. Ал аялдамада орналасқан тамақтану орнында 2 даяшы жұмыс істеп жатқан. Жол апаты салдарынан 2 даяшы мен автокөлік жүргізушілері Жетісай аудандық ауруханасына көрiнген. Қазіргі таңда жағдайлары жақсы.
Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстарын жүргiзуде. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Жол апатына қатысушы жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабымен хаттама толтырылды. Алдағы уақытта сараптама қорытындысымен кінәлі жүргізуші жауапқа тартылатын болады.


Фото: t.me/POLICE_of_KZ