Түркістан облысында жол ережесін 73 мәрте бұзған таксистің көлігі айыптұраққа қойылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жол ережесін 70 рет бұзған такси жүргізушісі жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында жол ережесін 73 мәрте бұзған таксистің көлігі айыптұраққа қойылды

Жол ережесін бұзып, айыппұлын төлемей жүрген көлік иесі «Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен анықталды.

40 жастағы жүргізуші Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының жолдарында 73 рет жол қозғалысы ережесін бұзған.

Жалпы төленбеген әкімшілік айыппұл сомасы 1 млн 200 000 теңгеден асады.

Армян нөмірін таққан «Хонда» көлігі айыптұраққа қойылды.

«Маусым айының 7-30 аралығында облыс аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Түркістан облысының полицейлері аталған іс-шара барысында төленбеген айыппұлы бар 73 автокөлікті анықтап, айыптұраққа қойды» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.