Түркістан облысында жолаушы тасымалдаушы және жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Сайрам ауданында жолаушы тасымалдаушы және HOWO жүк көліктері соқтығысып, бір адам қаза тапты. Тағы жеті адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жол көлік оқиғасы кеше түнгі сағат 21:30 шамасында Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолының 4-шақырымында болған.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына полицейлерден құралған жедел-тергеу тобы мен прокуратура қызметкерлері шыққан. Тексеру кезінде анықталғаны, TOYOTA ALPARD маркалы автокөлігінің жүргізушісі Алматы қаласынан Қызылорда бағытына қарай келе жатып, алдында кетіп бара жатқан HOWO маркалы жүк көлігінің артқы бөлігіне соқтығысқан. Нәтижесінде жол апаты орын алған.

«Жол көлік оқиғасы кезінде TOYOTA ALPARD көлігінің жолаушысы жедел жәрдем көлігінде өзіне келмей қайтыс болған. Ал 7 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Олардың бірқатары дәрігерге көрінген соң үйлеріне қайтқан. Қазіргі таңда Сайрам АПБ полицейлерімен аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тіркеуге алынды. Автокөліктер айыптұраққа қойылды. Бүгінде оқиғаның толық мән-жайын анықтау шаралары жүргізілуде», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар