Түркістан облысында жолаушылар санын шамадан тыс арттырған жүргізуші жауапқа тартылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында өзбекстандық автобус жүргізушісі жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Түркістан облысы патрульдік полиция қызметкерлері рейд кезінде «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының 749-775 шақырым аралығында YUTONG қоғамдық автокөлігін тоқтатады.

Тексеру барысында автобустың ішіндегі жолаушы саны артық екені анықталған.

Яғни, автобус 36 орынға арналғанымен, ішінде 52 жолаушы жайғастырылған. Сондай-ақ көлік Сарыағаш ауданынан Алматы қаласына қарай бет алған.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған автобус жүргізушісі Өзбекстан азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабы 5-бөлігі және 7-бөлігімен екі бірдей хаттама толтырылды.

Одан бөлек 593-бабы 1-бөлігімен тағы бір хаттама жасалды.

Қоғамдық автокөлік айыптұраққа қойылды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері түрлі жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысы ережесін мұқият сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар