Түркістан облысында жыл үздіктері марапатталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жыл қорытындысы бойынша әр салада жемісті еңбек етіп, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көріне білген азаматтар 2020 жылдың «Жыл үздігі» номинациясымен марапатталды. Жыл үздіктеріне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің арнайы дипломы мен «Жыл үздігі» мүсіні табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында жыл үздіктері марапатталды

Карантин шектеуіне байланысты бұл шара онлайн форматта өтті. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жыл бойы атқарған істі бағалап, осы жолда жемісті еңбек еткен азаматтар мен еңбек ұжымдарын 42 аталым бойынша марапаттап, құттықтады. Олардың бірқатары өз жүлдесін облыс әкімі орынбасарының қолынан алды.

«Жыл үздіктері мұндай құрметке оңай жеткен жоқ. Бүгін еселеп кеткен еңбектің зейнеті өтелген күн. Бұл талмас талпыныс пен қажырлы қайраттың жемісі. Барлық түркістандықтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға және еліміздің өркендеу жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық және мол табыстарға жетулеріңізге тілектеспін», – деді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Түркістан облысы бойынша 2020 жылдың үздік номинация иегерлеріне ұсынылған үміткерлердің тізімі:

1. «Жылдың үздік көркемөнерпаздар ұжымы» – «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония» МКҚК, Бас дирижеры Ерлан Дәуренбеков.

2. «Жылдың үздік әртісі» – Жанбол Файзиев, «Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры» МКҚК.

3. «Жылдың үздік әншісі» – Айжан Әбілханова , Кентау қалалық әкімдігінің МКҚК Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы.

4. «Жылдың үздік жазушысы» номинациясы – Есімбай Абылайхан, ҚР Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалы.

5. «Жылдың үздік дәстүрлі әншісі» – Қазақстанның халық әртісі Қажыбек Бекбосынов, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы.

6. «Жылдың үздік мәдениет және өнер мекемесі» – «Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейі» МКҚК, «Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейі» МКҚК директоры Алмас Жұмашов.

7. «Жылдың үздік ақыны» – Айдар Сейдазым, Түркістан облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің жетекшісі.

8. «Жылдың үздік мектебі» – «Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Түркістан облысы, Ордабасы аудандық білім бөлімінің «Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры Шолпан Шәдіқожа.

9. «Жылдың үздік ұстазы» – Болсынай Ташева, Жетісай ауданы № 10 Қайнар мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі.

10. «Жылдың үздік тәрбиешісі» – Гүлзира Сайдуәлиева, Ордабасы ауданы «Ақкөгершін» бөбекжай-балабақшасы, тәрбиеші.

11. «Жылдың үздік жас ғалымы» – Ержан Керімбеков, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ, Инженерия факультеті «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының доценті, PhD ғылым докторы.

12. «Жылдың үздік медицина мекемесі» – «№1 Облыстық перинаталдық орталығы», Рахима Нәлібаева.

13. «Жылдың үздік дәрігері» – Вячеслав Цай, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Облыстық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында №2 жансақтау бөлімінің меңгерушісі.

14. «Жылдың үздік санитарлық дәрігері» – Сәкен Серікбаев, Жетісай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.

15. «Жылдың үздік мейірбикесі» – Элмира Сейітова , Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Түркістан қалалық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұқпалы аурулар бөлімшесінің аға мейірбикесі.

16. «Жылдың үздік спорт ұйымы» – Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Шынболат Райханов .

17. «Жылдың үздік спортшысы» – Сәкен Бибосинов, Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің бокс бөлімінің спортшысы.

18.«Жылдың үздік жаттықтырушысы – Мырзағали Айтжанов, жаттықтырушы

19. «Жылдың үздік құрылыс мекемесі» – «BI-Holding» ЖШС төрағасы Айдын Рақымбаев, Құрылыс саласы Түркістан облысындағы өкілі Диас Әділханов.

20. «Жылдың үздік құрылысшысы» – Қуанышбек Мұсабеков «Бадам-тас» строй ЖШС бас директоры.

21. «Жылдың үздік энергетигі» – Қанат Лесбеков, «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамы өндірістік-техникалық бөлімі бастығының орынбасары.

22. «Жылдың үздік коммуналдық шаруашылық қызметкері» – Бакберген Құралбаев, Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы.

23. «Жылдың үздік ауласы» – Пионер Әлімбеков, Созақ ауданының Сызған ауылдық округі Қозмалдақ елді мекені Т.Төреханов көшесі №12 үй иесі.

24. «Жылдың үздік ауылы – Ынтымақ ауылдық округі, Өркенді елді мекені, Ынтымақ ауылдық округі, Өркенді елді мекені әкімі Мұхтар Бейсенбаев.

25. «Жылдың үздік жүргізушісі» – Рысбай Қойтанов, Шардара қаласы, «Шардара автобус паркі» ЖШС-ның жүргізушісі.

26. «Жылдың үздік жол құрылыс мекемесі» – Сайрам ауданы, «АВТОРЕМСТРОЙ ЛТД» ЖШС директоры Сайдірасулхан Ералиев.

27. «Жылдың үздік сәулетшісі» – Шохан Матайбеков, «Mataibekov arhitects» ЖШС-ның бас сәулетшісі.

28. «Жылдың үздік әлеуметтік қызметкері» – Батырхан Сақов, Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жәрдемақыларды төлеу және жұмыспен қамту секторының сектор меңгерушісі.

29. «Жылдың үздік қамқоршысы» – Сапаркүл Мамадалиева, Түркістан облысы жұмыспен қамтды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» аға мейірбикесі.

30. «Жылдың үздік агрономы» – Ербол Ералиев , Мақтаарал ауданы «Нұралыжол-Ж» шаруа қожалығының төрағасы.

31. «Жылдың ауылшаруашылық өнімдерін өңдеудің үздігі» - Ольга Ярославцева , Сайрам ауданы «Южанка -5» ЖШС директоры.

32.«Жылдың үздік мал дәрігері» – Ербол Сейтқазы , Облыстық ауылшаруашылық басқармасы «Отырар аудандық ветеринарлық қызметі» ШЖҚ МКК басшысы.

33. «Жылдың үздік жас белсендісі» – Суннат Кенжебаев , Мақтаарал ауданы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.

34. «Жылдың үздік еріктісі» – Олжас Мамыр , ерікті, блогер және журналист.

35. «Жылдың үздік журналисі» – Малик Давлетов , «Түркістан» қалалық газетінің бас редакторы.

36. «Жылдың үздік баспасөз қызметі» – Ғабит Сапарбеков , «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

37.«Жылдың үздік орманшысы» – Жорабек Мұратов , «Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орманды пайдалану инженері.

38. «Жылдың үздік инновациялық жобасы» – Нұржан Сейтжанов , «Стандарт Ресурсис» ЖШС-ның директоры.

39. «Жылдың үздік экспорттаушысы» – Эдуард Пан , AsiaDistillery» ЖШС-ның директоры.

40. «Жылдың үздік инвестиция тартушысы» – Мурат Гелашвили , «Экоинвест» ЖШС-ның орындаушы директоры.

41. «Жылдың үздік жас кәсіпкері» – Шерзад Абдугаппаров , «Электродеталь» ЖШС директоры.

42.«Жылдың үздік архивисі» – Ералы Алмерденов , «Кентау өңірлік мемлекеттік архиві» КММ басшысы.