Түркістан облысындағы наубайхана бір ауданды нанмен қамтамасыз етіп отыр

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы наубайхана бір ауданды нанмен қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

   Түркістан облысындағы наубайхана бір ауданды нанмен қамтамасыз етіп отыр

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, аталған наубайхана Түркістан облысының Шардара ауданында «Астана нан» деген атаумен белгілі.

2017 жылы ашылған өндіріс ошағының инвестициялық құны - 61 млн. теңге. Оның 50 млн. теңгесі өз қаражаты есебінен, 11 млн. теңгені «Ырыс» МҚҰ арқылы жеңілдетілген несиеге алған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ауданға ұйымдастырған пресс-тур кезінде БАҚ өкілдері аталған кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Наубайхана тәулігіне 12 мың дана нан пісіруге қауқарлы. Мекеме басшысы Мұрат Маликов алдағы уақытта өнім көлемін арттыруды жоспарлап отырғанын айтады.
null

«Қазіргі таңда, елді мекендерге 5 бағыт бойынша нан таратып келеміз. Тауарымызға деген сұраныс күн өткен сайын артып келеді. Бастапқыда 6 мың нан дайындасақ, қазір өнім көлемі 2 есеге артып отыр. Мұнда нанның 4 түрін дайындап жатырмыз. Алдағы уақытта кондитерлік өнімдер өндіру жоспарлануда», - деді Мұрат Маликов.

Мекемеде 13 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Жұмысшылардың орташа жалақысы 70 мың теңге.

null