Түркістан облысындағы перзентханаларда дауыс беру аяқталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы перзентханаларда дауыс беру аяқталды. Жаңадан босанған аналар сайлауда белсенділік танытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдегі перзентханаларда әйелдер таңғы 7:00-ден бастап дауыс бере бастады. Жүкті әйелдер мен жас аналар бір кісідей өз таңдауларын жасады. Түркістан облысындағы №3 перинаталдық орталықта үш жүзден астам әйел өз таңдауын жасады. Облыстық перинаталдық орталықтар мен ауруханаларда дауыс беру таңғы сағат 10.00-ге дейін өтті. Медициналық ұйымдар режімдік нысан екенін ескере отырып, дауыс беру уақытын кешке дейін созылмауы қолға алынды.null

Айта кетейік, облыс бойынша жылына 55 мыңға жуық бала дүниеге келеді. Бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш саналады. Бүгін де аймақта 200-ге жуық нәресте дүниеге келді. Олардың жүзден астамы - қыз бала. null

Соңғы жаңалықтар