Түркістан облысындағы шипажайларда демалушылар да дауыс беріп жатыр

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат - Түркістан облысының тұрғындары да кезектен тыс президент сайлауына бір кісідей қатысуда. Өңірде таңғы жетіден бастап 919 сайлау учаскесі ашылып, жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Сайлау учаскелерінің 26-сы жабық учаскелер саналады. Сондай жабық учаскелердің бірі «Сарыағаш» шипажайында орналасқан. Онда 54 шипажайда демалып жатқан 880 адам дауыс береді. Бүгінгі күні олардың белсенділігі өте жоғары. Таңғы сағат жетіден бастап ашылған сайлау учаскесінде демалушылар тіпті кезек күтіп, дауыс беруде. Алғашқы он дауыс берушіге арнайы сыйлықтар да тапсырылды. Өзге сайлау учаскелерінен ерекшелігі мұнда еліміздің әр қала облыстарынан келген азаматтар өз таңдауларын жасап жатыр. Жалпы бүгін Түркістан облысында тұрғындардың 53 пайызы дауыс беру құқына ие болған. Яғни 1 млн 168 мыңнан астам сайлаушы өз таңдауын жасайды. Аймақта 11 мыңға жуық қоларбаға таңылған және көзі нашар көретін, есту қабілеті төмен жандар бар. Олардың дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған. Ал, ең жасы үлкен сайлаушы Бәйдібек ауданында тіркеліп отыр. 107 жастағы әжей де бұл күні өз таңдауын жасамақ.


Соңғы жаңалықтар