Түркістан облысындағы тоннель 2022 жылы пайдалануға беріледі - ҚР ИИДМ

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банктің, Автомобиль жолдары комитетінің және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының өкілдері республикалық маңызы бар «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» 593-632 шақырым (Шақпап Баба ауылы) автжолының қайта құру учаскесіндегі тоннелге бірлесіп шықты.

Түркістан облысындағы тоннель 2022 жылы пайдалануға беріледі - ҚР ИИДМ

Кездесу барысында өкілдер жұмыс барысымен және объектідегі ағымдағы жағдаймен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Автомобиль жолдары республикалық маңызы бар «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» 593-632 шақырым тоннельдің бір жақ жолағының 840 метр құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта бетон жұмыстары толығымен аяқталып, дренаж жүйесінің құрылысы жүргізілуде.

«Екінші жолақтың ашылуына 340 метр қалды. Жоба 2022 жылы пайдалануға беріледі»,-делінген хабарламада.