Түркістан облысының дәрігерлері денсаулық сақтаудың әлемдік әдістерін меңгеруде
Медицина саласында осынау жаңашылдықты Шардара мен Мақтарал орталық ауруханаларының дәрігерлері меңгере бастады. Емдеу мекемелерінің 40- қа жуық қызметкері ID Group компаниясының негізін қалаушы және директоры Гүлнар Шәкіровадан денсаулық сақтау менеджменті мен әлемдік стандарттарға сай тиімді әрі ұтымды басқарудың әдістерін ендірудің қыр - сырын үйренді. Аталған семинар заманауи талаптарға сай сапалы да қауіпсіз медициналық көмек көрсету мен ауруханалардың бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ бұл шара медициналық мекемелердің беделін қалыптастыру, әрбір науқас үшін жағдай жасау және халық денсаулығын жақсартуға бағытталды.
Семинар кезінде ақ халаттылар «Біз үшін жүректің әрбір соғысы маңызды», «Бақытқа жетер жолда біргеміз» ұранымен барлық жаңа бастамаларды меңгерді. Алдағы уақытта бұл жобаны Шардара аудандық ауруханасына тәжірибе ретінде енгізіліп, әрі қарай Түркістан облысындағы барлық медициналық мекемелерде өткізу көзделіп отыр.