Түркістан облысының Келес ауданында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

КЕЛЕС. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Келес ауданындағы Абай ауылында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Орталықта аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, ұлттық кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы және Түркістан кәсіпкерлерге қызмет көрсету филиалының аудандық бөлімі орналасқан. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын қолдау қоры мен шағын қаржылық ұйымдар мен «Ырыс» МКҰ» ЖШС-ның мамандары қызмет көрсетеді.null

Сонымен қатар, орталықта қаржыландырушы компаниялардың өкілдері мен екінші деңгейлі банк және ұлттық дамыту институттары жайғасқан. Яғни, осында келген кәсіпкер «бір терезе» қағидасы бойынша көкейін мазалаған сұрақтарының барлығына жауап ала алады.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бұл шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бірегей институт. Орталық «бір терезе» қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, онда кәсібін енді ғана бастаған кәсіпкер арнайы оқудан өтіп, бизнес-жоспар жазып, ыңғайлы қаржыландырушы көзді анықтайды.

Соңғы жаңалықтар