Түркістан облысының мәдениет қызметкерлері онлайн концерттер өткізіп жатыр
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысының тұрғындары да сақтық шараларын ұстанып, үйлерінде отыр. Осы жайтты ескерген өңірдегі мәдениет саласының қызметкерлері онлайн концерттер ұйымдастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Акция аясында театрлар және мәдениет үйлерінің, шығармашылық орталықтардың қызметкерлері «Карантин кезіндегі мәдениет қызметкері» атты онлайн-семинарлар өткізді. Сондай-ақ, барша аудан-қалалардағы мәдениет ошақтары «Атамекен» әнін орындап, эстафета ретінде жалғастырды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай шығармашылығы кеңінен насихатталды. Бұдан бөлек, мәдениет саласының өкілдері еліміздегі төтенше жағдай жарияланғаннан бері 3 мыңға жуық бетперде тігіп, тұрғындарға тегін таратып берді.

