Түркістан облысының тұрғындары қаржы пирамидаларына 3 млрд теңгеден астам қаржы салған

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының тұрғындары қаржы пирамидаларына 3 млрд теңгеден астам қаржы салған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Өткен жылы облыс аумағында қаржылық пирамидаға қатысты 5 қылмыстық іс анықталып, шығын көлемі 3 млрд 291 млн 906 теңгені құраған. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Нұрмахан Жалғасов айтты өтті.

«2020 жылдан бері онлайн-кредиттік алаяқтықпен айналысатын микроқаржы ұйымдарына қатысты 213 қылмыстық іс тіркелген. Анықталған қылмыстық істердің көбі Tengo.kz, Freedom finance, Fincap, Koke.kz, Capvia, Dengiclick.kz секілді ірі микроқаржы ұйымдарына қатысты. Қазіргі таңда киберқылмыстармен күрес жүргізетін IT-мамандарының біліктілігін арттыру қолға алынуда», - деді Нұрмахан Тоғайбайұлы.

Ал, қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры Сұлтан Батталовтың келтірген мәліметіне сүйенсек, қаржы пирамидаларының басты ұйымдастырушылары облыстан тысқары жерде орналасқан. Мәселен, «Свой дом» қаржы пирамидасы Ресейде құрылса, «Indigo» ұйымының белсенділері Алматы қаласында екен. Алайда, жәбірленушілердің басым бөлігі Түркістан облысының тұрғындары болып шыққан.

Айта кетейік, Түркістан облысында жыл басынан бері 140 интернет-алаяқтық қылмыс тіркелген.


Соңғы жаңалықтар