Түркістан облысының тұрғынынан қару мен 60-тан астам оқ-дәрі тәркіленді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының тұрғынынан қару мен 60-тан астам оқ дәрі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысының тұрғынынан қару мен 60-тан астам оқ-дәрі тәркіленді

Күдіктіден «ТОЗ» маркалы қару, түрлі калибрлі 60-тан астам оқ-дәрі және қолдан жасалған екі пышақ тәркіленді. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ал, тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.

«Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кентау қаласының аумағында атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаудың кезекті дерегін анықтады. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда»-делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Фото: polisia.kz