Түркістан облысының жаңа гербіне байқау жарияланды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының ұйымдастыруымен өңірдің жаңа гербінің үздік эскиздік жобасына байқау жарияланды, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

 Түркістан облысының гербіне үздік эскиздік ұсыныстар 2018 жылдың 3 қазан күні сағат 16:00-де қаралады.Оған қатысу үшін байқау 2018 жылдың 1 қазанына дейін Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына тапсырылуы қажет ([email protected], 53-95-56). Жеңімпаздар дипломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Жалпы жүлде қоры - 1 миллион теңге.

null Байқауға жеке және заңды тұлғалар қатысады. Байқау талаптары: түсініктеме жазба, эскиздің мақсатын айқындайтын негізгі сызбалар, компьютерлік кескіндеме немесе түрлі-түсті бояумен салынған суреті, жобалар көлемі 90х60 см планшеттерге орналастырылуы қажет. 

 Байқауға қатысушылардың ұсыныстарын республикаға белгілі сәулетшілер мен сала мамандары саралайтын болады. 

Соңғы жаңалықтар
telegram