Түркістан: Түлкібаста 62 шақырымнан астам жол жөнделеді
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Түлкібас ауданының әкімі Н.Тұрашбеков елді мекендерде орташа жөндеуден өткен көшелерді аралап, сапасын тексерді. Бұл туралы аудан әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Атап айтсақ, олар - аудан орталығындағы 1,1 шақырымды құрайтын Жемісті көшесі, Түлкібас кентіндегі 2,7 шақырымды құрайтын Шевцов көшесі және Майтөбе ауылындағы жалпы ұзындығы 2,2 шақырымды құрайтын Рысқұлов пен Момышұлы көшелері. Биылғы жылы аудан бойынша жалпы ұзындығы 62,3 шақырым 41 жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде, 15,2 шақырым 5 жолға күрделі жөндеу жұмыстары, 47,1 шақырым 36 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде», - деді аудан әкімдігінен.
Бүгінгі таңда аталмыш жолдардың 27 шақырымы жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген. Жалпы жөндеу жұмыстары биылғы жылдың тамыз-қыркүйек айларында аяқталып, жолдар пайдалануға берілмек.
«Осы жұмыстар атқарылғаннан соң аудандық маңызы бар жолдардың 84,2 пайызы, елді мекен көшелерінің 85,1 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға келтіріледі. Сондай-ақ ауылдардың ішкі көшелерінің бойынан жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар көптеп салынуда», - деп атап өтті жергілікті атқарушы органнан.