«Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында өткізілетін іс-шаралар жоспары бекітілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаев, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице министрі Ақтоты Райымкұлованың «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында өткізілетін  іс-шаралар жоспарына үш жақты қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында өткізілетін  іс-шаралар жоспары бекітілді

   Әзербайжанның Шеки қаласында 2016 жылдың 1 желтоқсанында ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысы өтіп, Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы шешім қабылданған болатын.  Осыған орай, бүгін оңтүстіктің зиялы қауымы мен өнер майталмандары, билік өкілдері жиналып дайындық жұмыстарын пысықтап, іс-шаралар жоспарын бекітті.

null  

«Түркістан қаласын атына заты сай етіп лайық түрде көтеру, таныту - барлығымыздың міндетіміз. Сондықтан да халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының, оған мүше елдердің Түркістан - Түркі дүниесінің рухани астанасы деген шешім шығаруы біздің тек Түркістан қаласы емес бүкіл Сайрам, Отырар, Арыстанбаб жалпы бізге, Оңтүстік Қазақстан облысы үшін саяси беделі бар», - Ж. Түймебаев.

 Айта кетейік, наурыз айынан бастап Түркістан қаласында  аталған шараның салтанатты ашылуы мен ТҮРКСОЙ Баспасөз сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді.  Ұлыстың ұлы күні  - Наурыз тойы мерекеленіп, түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге таныту мақсатында  түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Түбі түркі тілдес халықтар театр, опера, цирк, би, сатира, дәстүрлі өнер және анимациялық фильмдердің фестивалі өткізіледі.  Ақындар айтысы, түркі мемлекеттері әйелдерінің форумы, суретшілердің кездесуі, қолөнер шеберлерінің фестивалі, әдеби журналдар редакторларының конгресі, ақын, жазушылармен кездесулер өткізіліп, кітап көрмелерін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

null  

Айнұр Ақбаева