Түркістанда 1 наурыздан бастап 50-ден астам камера іске қосылады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласының көшелеріне қойылған 50-ден астам камера 1 наурыздан бастап іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Алмасхан Тастанбековтың айтуынша, Түркістан қаласына 30 жылдамдық өлшегіш және 26 көше қиылысына «Сергек» құрылғысы орнатылған.
Атап айтқанда, бейнекамералар Түркістан қаласындағы Тауке-хан, Б.Саттарханов даңғылдары мен Қызылорда, Кентау, Қарнақ, Балтакөл, Шымкент тас жолдарынының бойында жол ережесін қадағалайды. Сондай-ақ Жібек Жолы, С.Ерубаев, Б.Майлин, Майкотов, Самара М32 Шымкент, С.Қожанов, Қарадауов, Қазыбек би, Жарылқапов, Алтынсарин, О.Жандосов, Бірлік, Шекті Тілеу, Әль-фараби, Сандыбай көшелері қиылыстарында іске қосылады.

«Қазіргі таңда облыс бойынша 28 зияткерлік жүйелер іске қосылған. Оның шінде 23-і тұрақты және 5 құрылғы жылжымалы. Бұл зияткерлік жүйелер Түркістан қаласымен қатар облыс аумағынан өтетін республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға орнатылған. Аталған бейнебақылау камералары жол-көлік оқиғалары болған уақытта дер кезінде анықтап, жедел шаралар қолдануға септігін тигізеді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтарды анықтауға және қылмыстарды тезірек ашуға мүмкіндік береді»-деді А.Тастанбеков.

