Түркістанда 100-ден астам көпқабатты тұрғын үй салынады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Биыл Түркістанда 100-ден астам көпқабатты тұрғын үй салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда 100-ден астам көпқабатты тұрғын үй салынады

Түркістан облысында құрылыс қарқыны артқан. Жыл қорытындысымен 100-ден астам нысан пайдалануға тапсырылды.

Өңірде білім беру саласында 20,9 млрд. теңгеге 51 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның 22-і пайдалануға берілді. Ал, денсаулық сақтау саласында 2,8 млрд. теңгеге 20 нысан іске асып жатыр. Оның ішінде Шардарада 150 келушіге арналған емхана, Түркістан қаласында жедел жәрдем станциясы, Ордабасы ауданында 2 ФАП пайдалануға тапсырылды.

Мәдениет саласы бойынша 14 нысанның құрылысына 2,2 млрд. теңге бөлінген. Нысандардың құрылысы 2023 жылы толық аяқталады деп күтіліп отыр. Спорт саласында 13,8 млрд. теңгеге 12 нысан бой көтеруде. Тұрғын үй құрылысына 35,9 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржыға өңірде 129 үй салынады.

Облыс орталығы Түркістан қаласында жалпы аумағы 250 мың шаршы метрден асатын 100-ден астам көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүреді. Атап айтқанда, 9 қабатты 36 үй, 7 қабатты 40 үй және 5 қабатты 20 несиелік тұрғын үй салынады. Сонымен қатар «Жаңа қала» аймағында инвесторлар есебінен 14 көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы басталмақ.