Түркістанда 3 жасар сәби коронавирустан жазылып шықты
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында Covid-19 инфекциясынан жазыл5ан азаматтардың жас ерекшеліктері 3 жастан 67 жасқа дейін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, коронавирус жұқтырған тағы 16 науқас сауығып шыққан. Індеттен жазылғандар қатарында Түркістан және Арыс қалалары мен Ордабасы, Қазығұрт, Сарыағаш аудандарының тұрғындары бар. Олардың барлығы да Covid-19 инфекциясын жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған. «Науқастар екі аптадан астам уақыт бойы жұқпалы аурулар бөліміндерінде ем қабылдап, сынама қорытындылары теріс нәтиже көрсетуіне байланысты үйлеріне қайтарылған. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық,шағымдары жоқ»,- делінген хабарламада.