Түркістанда 300 мыңнан астам қызғалдақ гүлдеп тұр

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түкістанда 300 мыңнан астам қызғалдақ гүлдеп тұр, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Түркістанда 300 мыңнан астам қызғалдақ гүлдеп тұр

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылдың желтоқсан айында облыс орталығы Түркістанда қызғалдақтың 3 түрінен 300000-нан астам түп отырғызылған. Қазіргі таңда жапырақ жайып, толық гүлдеген қызғалдақ қаланың көркін аша түскен. Алқызыл гүлдер қаладағы Алматы алаңына және Б.Саттарханов даңғылы мен Әмір Темір, Тыныштықұлов көшелерінің бойы мен Қожа Ахмет Ясауи мешітінің маңайына отырғызылған.

null

Сондай-ақ, сәуір-мамыр айларында қалаға 350 000 түп сәндік декоративті гүл түрлерін отырғызу жоспарланып отыр.

null

Қосымша қала тазалығын қамтамасыз ету мақсатында сенбіліктер ұйымдастырылып, қаладағы мекемелердің қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері өз үлестерін қосып, ағаш отырғызуға атсалысуда.

null null null null null null