Түркістанда 8-сынып оқушылары шыны аялдаманы сындырып кеткен
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда 8-сынып оқушылары шыны аялдаманы сындырып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркістан қаласында шыныдан жасалған аялдаманың бүлінген видеосы әлеуметтік желіде тарады. Аялдама Алматы көшесінде орналасқан.
Аталған жағдай бойынша, тәртіп сақшылары көшеде ойнап жүріп, аялдаманы таспен сындырған 5 жасөспірімді анықтады.
«Олар 8-сынып оқушылары. Ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды», - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.