Түркістанда ана мен бала дәрігерлерін даярлайтын орталық ашылды
Салтанатты рәсімге ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев және облыстың медициналық қоғамдастық өкілдері қатысты.
Аталған орталық алдағы уақытта аяғы ауыр әйелдер мен кішкентай балалары бар отбасылар үшін әмбебап-озық үлгідегі кешенді қызмет көрсете алатын патронажды медбикелерді дайындайтын болады. Орталық жыл сайын мыңдаған патронажды медбикелерге, дәрігерлерге, әлеуметтік қызметкерлерге, сондай-ақ, психологтарға балалардың толыққанды дамуы жайлы және ата-аналарды ақпараттандыруға қажетті біліммен қамтамасыз етпек.
Айта кетерлігі, орталық кішкентай балалардың толық дамуы саласындағы ЮНИСЕФ пен ДДСҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес келетін озық білімі бар дәрігерлерді, патронажды медбикелер мен әлеуметтік қызметкерлерді оқытып шығаруға қажетті құралдармен толықтай жабдықталған.