Түркістанда ауруханаға түскен адам тұрғындардан көмек сұрады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанда ауруханаға түскен адам есін жоғалтып, кім екенін білмей қалған. Бүгінде төрт айдан бері тиісті емдік шаралар қабылдап жатқан науқас өзінің кім екенін білу үшін тұрғындардан көмек сұраған. Бұл туралы қаланың прокуроры Руслан Әбдірайымов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
«13 мамыр 2017 жылдан бері Түркістан қаласы, Майдантал ауылынан ХҚТУ-ның клиникасына қан қысымымен (суретте көрсетілген) азамат келіп түскен болатын. Бүгінге жалпы денсаулығы жақсы, алайда аты-жөнін және кім екенін айтып бере алмауда. Оның кім екенін іздеу істері және сұрастыру жұмыстары болжам бойынша Есмурзаев болуы мүмкін деген ақпарат бар. Сондықтан танығандар болса және кім екенін білетін азаматтарға өтініш, ішкі істер басқармасына немесе қалалық прокуратураға xабар беруді сұраймыз»,- деп жазады Руслан Әбдірайымов.