Түркістанда әйгілі тимуридтер музейінің көрмесі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Тимуридтер тарихы мемлекеттік музейінің ұйымдастыруымен «Тимуридтер тарихы музейінің жауһарлары» тақырыбындағы фото-кітап көрмесінің салтанатты түрде ашылуы өтті.

Түркістанда әйгілі тимуридтер музейінің көрмесі ашылды

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған көрме - Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында, сонымен қатар Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылуда.

«Тимуридтер тарихы» мемлекеттік музейі Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың бастамасымен 1996 жылы Әмір Темірдің 660 жылдығына орай құрылған.

null 1000-ға жуық жәдігерлері бар «Тимуридтер тарихы» музейі қорында Өзбекстан тарихын көрсететін бірегей бұйымдар жинақталған. Олардың қатарында түрлі қолжазбалар мен хаттар, алтын, күміс және мыс монеталар, керамикалық, қола және мыс бұйымдары, Әмір Темір және Тимуридтер дәуірінен сыр шертетін жәдігерлер сақтаулы.
Көрменің мақсаты - өңірлер арасындағы мəдени байланыстарды нығайту жəне музей ісін дəріптеу болып табылады.

Тарихи танымдық көрме көпшілік назарына бір ай көлемінде жұмыс жасайтын болады.