Түркістанда азық-түлік тауарлары арзан бағада саудаланды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда Отан қорғаушылар күніне орай азық-түлік тауарларына арналған жәрмеңке ұйымдастырылды. Онда күнделікті тұрмысқа қажетті тұтыну тауарлары арзан бағада сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда азық-түлік тауарлары арзан бағада саудаланды

Жәрмеңкеде халықтың ең көп тұтынатын ет пен сүт өнімдері, көкөністер мен мен бақша өнімдерінің бағасы нарықтағы сатылымнан неғұрлым төмен саудаланды. Шараға аймақтағы аудан-қалалардан шаруалар өз өнімдерін ұсынып, алушылардың көңілінен шығуға тырысты.

Айта кетейік, Түркістан қаласында соңғы кездері осындай жәрмеңкелер әр мереке күндері ұйымдастырылуда. Оған облысқа қарасты аудан-қалалардан келген кәсіпкерлер мен шаруалар атсалысуда, Сондай-ақ, облыс орталығында бүгінгі күні 14 әлеуметтік дүкен халыққа қызмет көрсетіп отыр.