Түркістанда белгісіз біреулер тапа-тал түсте көшеде оқ атқан

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында белгісіз біреулер тапа-тал түсте көшеде оқ атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістанда белгісіз біреулер тапа-тал түсте көшеде оқ атқан

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, кеше Түркістан қаласы көшелерінің бірінде белгісіз біреулер травматикалық қарудан оқ атқан.

Аталған жайтты полицейлер Қылмыстық кодекстің 293-бабы - «бұзақылық» бойынша тіркеді.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтады.

Оларды ұстауға қатысты шаралар қабылданып жатыр.

«Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда» деп мәлім етті полиция.