Түркістанда бір жыл бұрын жұмысқа кеткен 46 жастағы азамат Ресейден табылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан полицейлері жоғалған 46 жастағы азаматты Ресейден тауып, үйіне қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Түркістан полициясына жергілікті тұрғын хабарласқан. Оның айтуынша 46 жастағы баласы Ресейге жұмысқа кетіп, 1 жыл бойы қайта оралмаған.

Ал анасының із-түзсіз кеткен баласын іздеп жүргеніне шамамен 1 айдан астам уақыт болған. Алайда еш нәтиже шықпаған соң полицейлерге арызданған.

Түркістан қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, із-түзсіз кеткен азаматты іздеуді бастап кетті.

Полицейлер облыс көлемінде, одан соң Қазақстан Республикасы бойынша бағыттамалар беріп, іздестіру ауқымын кеңейтті.

Ресей Федерациясында жұмыс бабымен болуы мүмкін деген тұжырымды да ескеріп, сол жақтағы елшілік пен тәртіп сақшыларына хабарлама жібереді.

Нәтижесінде полицейлер жоғалған орта жастағы азаматты бірнеше күн ішінде тапты.

Белгілі болғандай, жоғалған ер азамат Ресейде жұмыс жасауға барып, абайсызда аяғын сындырып алған. Содан бері жұмыссыз жатқан.

Сондай-ақ азамат өз сөзінде анасы уайымдамас үшін оған хабарласпағанын айтты.

Қазіргі таңда жоғалып кеткен 46 жасар азамат үйіне қайтарылды.

Ұлымен аман есен қауышқан ана көші-қон қызметкерлеріне алғысын айтты.


Соңғы жаңалықтар