Түркістанда бір жылда 7 мыңға тарта ескі көлік жойылды

Әкімшілік полиция басқармасы бастығы орынбасарының айтуынша, өңірде ескі көліктерден арылу көрсеткіші жыл сайын жақсарып келеді. Мәселен, 2017 жылы өңірде бар-жоғы 1780 ғана автокөлік жойылған болса, былтыр бұл көрсеткіш 6938-ді құраған. Ал, түрлі тіркеу орындары арқылы бас-аяғы автокөлікке қатысты 136 мыңнан астам құжат рәсімделген. Соның ішінде 3 813 жағдайда құжаттар кері қайтарылған.
Мамандар сонымен қатар, тіркеу орындарында заңсыз әрекеттерге тосқауыл жасалғанын айтады. 2018 жылдың 10 айында ХҚК барысында арнайы ХҚКО орналасқан бөлім қызметкерлері ұрлап айдап әкеткен 5 көлік құралын, 19 жалған құжат, жалған агрегаттармен жүрген 23 автокөлікті анықтады. Соңғы кезде жүргізуші куәлігін ақыға жасап берушілердің көбейіп кеткенін айтады. Бүгінде облыста соларға қарсы күрес күшейген.
Қазір осы мәселеге орай департамент мамандары барлық аудан қалада тексеріс жүргізуде.