Түркістанда еңбек заңнамасын бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынды

Аймақ басшысының алдында 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берген басқарма басшысының сөзінше, арыздардың басым бөлігі Сарыағаш, Мақтаарал, Сайрам аудандары мен Түркістан қаласына тиесілі болған. Басқарма тарапынан қаралған істердің 38 пайызы жалақы төлеу мерзімінің бұзылуы, 23 пайызы еңбек шартын бұзу, 12 пайызы еңбек демелысын уақытылы бермеу, 5 пайызы жұмыс уақытының нормасын бұзуға қатысты болған.
«Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 641 заң бұзушылық анықталды. Еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 18 783 050 теңге көлемінде айыппұл салынды. Салынған айыппұлдардың сомасы өткен жылмен салыстырғанда 0,9 млн теңгеге, яғни 4,8 пайызға кеміген», - деді Алмасбек Мамытбеков.
Сондай-ақ, өңірде еңбек инспекторларымен шетел капиталының қатысуымен тіркелген мекемелерде 8 тексеру жүргізілген. Шетелдік компанияларының қатысуымен 29 заңбұзушылық фактілері анықталған. 2 лауазымды және заңды тұлғаға 408 850 теңге көлемінде айыппұл салынып, 4 лауазымды тұлғаға ескерту түрінде әкімшілік шара көрілген.