Түркістанда инвесторлар мен кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жоба жүзеге асырылуда

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда инвесторлар мен кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ел экономикасына инвестиция құю процесін оңтайландыру, сондай-ақ инвесторларды қағазбастылықтан ажырату, сыбайлас жемқорлық фактілерінен сақтандыру үшін «Protecting Business and Investments» жобасын жүзеге асырып жатыр.

Бұл жоба Агенттік пен Сыртқы істер, Инвестициялар және даму министрліктерімен өзара ынтымақтастық меморандумы негізінде жұмыс істеуде. Жобаның басты мақсаты - бизнесті қорғау, бизнес-климатты жақсарту және мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру рәсімдерін барынша жеңілдету.

«Түркістан облысында департамент тарапынан бүгінгі таңда жалпы құны 240 млрд. теңге болатын 5 ірі инвесторға қолдау көрсетіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Аталған жоба аясында инвесторлар сыбайлас жемқорлық фактілерінің кез-келген көріністеріне жол бермеуге, қандай да бір заңсыз факт туындайтын болса, тікелей агенттікке және оның аумақтық департаменттеріне баяндау туралы келісімге қол қойылады. Өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган келісімге қол қойған инвесторларды заңда белгіленген құзыреттерді және өз ресурстарын пайдалана отырып 100 пайыз сыбайлас жемқорлық фактілерінен 24/7 принципі негізінде, яғни кез келген уақытта қолдап, қорғайтын болады», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі Кеңес хатшылығының меңгерушісі Ғанижан Асанұлы.

Жиын соңында департамент басшысының орынбасары БАҚ құралдарының бірқатар сұрақтарына жауап беріп, отандық және шетелдік кәсіпкерлерге өңірімізде қолайлы орта қалыптастыру үшін барлық жағдай жасалып, әкімшілік кедергілер болмау қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар