Түркістанда «Қамқорлық» балаларды оңалту орталығы ашылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Жаңа технологиямен жабдықталған «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларға ем-дом көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қамқорлық» балаларды оңалту орталығы заманауи үлгіде жасақталған. Орталықта тұз шахтасы, шунгит бөлмесі, эрготерапия, сенсорлық бөлме, механотерапия, бальнеотерапия, интерактивті бөлме, емдік дене шынықтыру, ойын бөлмелері бар. Мұнда 1-14 жас аралығындағы жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларға көмек көрсетіледі.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ем қабылдап жатқан балалармен кездесіп, мерекемен құттықтады.

«Облыс әкімдігімен бірлесе жұмыс атқарып, құрылғыларды алуға қолдау көрсеткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына рахмет айтамыз. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған бұл оңалту орталығы балалардың денсаулығын жақсартуға оң ықпалын тигізері анық», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Іс-шара барысында оңалту орталығындағы балаларға мерекелік сыйлықтар тапсырылды.



Соңғы жаңалықтар