Түркістанда «Карл Байпақов - археология сардары» көрмесі ашылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласындағы орта мектепте «Карл Байпақов - археология сардары» көрмесі ашылды. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі өткізген көрме Карл Байпақовтың 80 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда «Карл Байпақов - археология сардары» көрмесі ашылды

Көрмеге келген мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары К.Байпақовтың ғылыми еңбектері мен атақты археолог жайлы жазылған естелік кітаптарды, өмірінің әр кезеңінен сыр шертетін суреттерді тамашалады.

Шара барысында қорық-музейдің экскурсоводы Д.Саидвакасов «Сыры терең Сауран» тақырыбында лекция өткізіп, белгілі археологтың бірнеше жыл ортағасырлық Сауран қаласында жүргізген қазба жұмыстары жайлы әңгімеледі.

Басқосуда сондай–ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын насихаттау аясында қолға алынған шаралар сөз болды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.