Түркістанда қару кезеніп, көлікті мініп кеткен күдікті ұсталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында қару кезеніп, көлікті мініп кеткен күдікті ұсталды. Полицейлер сезіктіден тапанша тәркілеп алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік ұрлағандарды ұстауға жергілікті тұрғынның арызы негіз болыпты. Ол орталық  көшелердің бірінде өзіне  белгісіз тұлғалар шабуылдап, «БМВ» автокөлігін ұрлап кеткендігін көрсеткен. Жедел іздестіру шараларының  барысында полицейлер бір тонаушыны  Шымкент қаласынан  ұстаған. Ол бұрын сотты болған Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты. Ал,  сыбайластарына іздеу жарияланды.

«Аталған жайт ҚР ҚК «тонау» және «қаруды заңсыз сатып алу, сақтау және алып жүру»  бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі миллионнан аса теңгені құраған. Ұрланған автокөлік заңды иесіне  қайтарылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Іске қатысты материалдар  сотқа жолданды. 

Соңғы жаңалықтар