Түркістанда қасапшыны пышақтап өлтірді деген күдікпен жас жігіт ұсталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғынның өліміне кінәлі адамды жедел анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.
None

22 ақпан түнде Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем қызметінен хабар түскен.

Онда көше қиылысынан пышақ жарақаты бар ер адамның мәйіті табылғангы айтылған.

Жәбірленушінің базарда қасапшы болып жұмыс істеген жергілікті тұрғын екені анықталды.

Ауыр қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары куәгерлерден жауап алып, барлық полиция бекеттеріне хабарлады.

Күдікті сол түні ұсталды. Ол - Түркістан қаласының тұрғыны.

Жас жігіт өз кінәсін мойындады. Заттай дәлел ретінде ас үй пышағы алынды.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі ер адам арасында мал союға қатысты жанжал туындап, жәбірленуші пышақталып, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар