Түркістанда «кибер-шериф» көмегімен 600-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда «кибер-шериф» көмегімен 600-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған көліктердің арасында 1,5 млн теңге айыппұлын төлемеген жүргізушіде бар. Мемлекет алдындағы берешегін уақытылы төлемеген «Volkswagen passat» көлігінің иесін полиция қызметкерлері «Шымкент-Самара» тас жолында тоқтатты. Көлікті айыптұраққа қойып, жүргізушісіне берешекті уақтылы төлеу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Түркістан облысының полицейлері соңғы үш тәулікте «Кибер-шериф» автоматты жүйесінің көмегімен облыс жолдарында 600-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол ережесін бұзбауға және әкімшілік айыппұлдарды уақытында төлеуге шақырады» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.