Түркістанда қонақ үй өртенді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында орналасқан «Яассы» кешенінің 2-қабатынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістанда қонақ үй өртенді

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Алғашқы мәліметтер бойынша жарақат алған азаматтар жоқ. Алғашқы хабарлама сағат 11.01-де түскен. 11.34 өрттің беті қайтарылды. Өрт сөндірушілер мен полиция қызметкелерінің көмегімен қонақ үйден 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 10 адам өздігінен шыққан.

Оқиға орнында 5 техника мен 29 өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр. Қонақ үйдің жалпы көлемі 2700 м2, жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт 11.52-де толығымен сөндірілді. Тілсіз жаудың шығу себептері анықталуда.