17:18, 29 Қазан 2009 | GMT +5
Түркістанда конго-қырым безгегінен қайтыс болған адамның дәрігерлердің жауапсыздығынан көз жұмғаны анықталды
АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Оңтүстік Қазақстан облысында конго-қырым безгегімен ауырған азаматты дәрігерлер қабылдамай қойған. Нәтижесінде, ол асқынған аурудан көз жұмды. Бұл оқиға жөнінде бүгін журналистермен болған апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресми өкілдің деректеріне қарағанда, оқиға шілденің 31-і күні Түркістан қаласының орталық ауруханасында болған. Ол шілде айының 24-і мен 30-ы аралығында қаланың бірнеше ауруханасына барып, денсаулық жағдайының мүшкілдігіне шағымданған. «Науқастың бойында конго-қырым безгегінің алғашқы белгілері бар болғанына қарамастан, дәрігерлер оны тек 6 күннен кейін ғана жұқпалы аурулар бөліміне жатқызған. Сөйтіп, дәрігерлердің жауапсыздығы салдарынан науқас ауруханада көз жұмды», деді Бас прокуратураның ресми өкілі.