Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қатысты фото көрме ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінде «Мұражай мұрағаты тіл қатса» тақырыбындағы фотокөрме ашылды. Көрме Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген тарихи мәдени құндылықтарды дәріптеу аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.    
None
None

Көрме экспозициясына музей мұрағатынан 40-тан астам фотосурет мен музейдің баспа өнімдері қойылып, көпшілік назарына ұсынылды. Қорық-музейдің құрылғаннан бергі 39 жылдық тарихынан сыр шертетін тарихи фотолар көрермен көзайымына айналды. Бүгінгі күні 300-ге жуық көрермен  құнды дүниелермен танысып үлгерді.
 

null 

Қорық-музейдің негізін қалаушы мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков есімімен байланысты. Көрмеде 1978 жылы қорық-музейінің ашылу салтанатынан бірегей фотосуреттер, қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келген сəттері, мекеменің тыныс- тіршілігі, өткен түрлі мəдени шаралардың көріністері орын алған.
null 

Айта кетейік, «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы 1978 жылы 30 қыркүйекте  «Респулбикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ғимараты музейі» болып қайта ашылды. 2015 жылы шілденің 24 күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы  қаулысымен «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы» болып өзгертілді. Қорық-мұражайы өз жұмысын негізгі екі бағытта жүргізеді. Алғашқысы Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау, қорғау және есепке алу болса, екінші бағыты- қорық мұражайы ретінде ғасырлар елегінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен көне,  құнды, тарихи жәдігерлерді сақтау мен қорғау, қайта қалпына келтіру және кеңінен насихаттау болып табылады.
null 

null 

Соңғы жаңалықтар