Түркістанда қуатты күн электр стансасы салынуда

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 42 гектар жерде қуаттылығы 20 МВт құрайтын күн электр стансасының құрылысы аяқталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Жобаны қазақстандық «EcoProTech-Astana» компаниясы германиялық «DERA GmbH» компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда. Тартылған инвестиция көлемі - 35 млн долллар.

Күн электр стансасының құрылысы аясында 77 мыңнан астам фотоэлектрлік модуль, 10 инвертор мен трансформатор, сондай-ақ 10 таратушы құрылғы орнатылады. «Жасыл» энергия көздерінен  өндірілген электр энергиясы Қазақстандағы бірыңғай электр энергетикалық жүйесі болып табылатын «KEGOC» АҚ-ға жеткізіледі. Жобаны жүзеге асыру аясында 20 жұмыс адам жұмыспен қамтылмақ.null

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында модульдерге арналған металл конструкциялар салынған. Ағымдағы жылдың ақпан айында күн батареялары мен трансформаторлар блогы орнатылады. Электр станциясының іске қосылуы 2019 жылдың наурыз айына жоспарланған.

Жобаны «Түркістан» ƏКК» АҚ филиалы - «TURKISTAN INVEST» сүйемелдеуде.

 null nullnull 

Соңғы жаңалықтар