Түркістанда мектептердің алдына 80-ге жуық жол белгісі орнатылды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында мектептердің алдына 80-ге жуық жасанды жол белгілері орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.
Бұл жайында Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Абдуғани Сейдуалиев ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес өткізілген брифингте айтып өтті. А. Сейдуалиев өз сөзіне қарағанда облыста жаңа оқу жылы алдында жол қауіпсіздігі тексерілген.
«Тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша тиісті мекемелерге кемшіліктерді жою бойынша 726 ұсыныс енгізілді, жаңадан 79 орта білім беру орындары алдына жасанды жол кедергілері орнатылды. Одан бөлек балалардың жол-көлік жарақаты мәселесіне жұртшылық назарын аудару үшін «Абайлаңыз, жаяу жүргінші», «Қауіпсіз жол», «Автобус» секілді түрлі жедел-профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде өткізілуде»,-деді ол.