Түркістанда мемлекеттік қызметшілер арасында шағын футболдан біріншілік өтті
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметші арасында шағын футболдан біріншілік өтті. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спорт жарысына барлық департамент, басқармалар мен ішкі істер органдарының қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыс барысында мемлекеттік қызметкерлерден құрылған әрбір команда тұрақты түрде футбол ойнап тұратынын көрсетті. Көктем маусымындағы біріншілікте жасыл алаңға шыққан Мемлекеттік қызмет істері департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық бюросының «Антикор» командалары, Түркістан облысы әкімі аппаратының құрамасы өздірінің мықтылықтарын байқатты. Бұдан басқа өңірлік Әділет департаменті, Қаржы және активтер басқармасы мен ауыл шаруашылық, білім және құрылыс,стратегия және экономикалық даму басқармаларының мемлекеттік қызметкерлері де ынтымақты ұжым екендіктерін танытты. Жасыл алаңда сонда-ақ, облыстық Ішкі істер басқармасы мен жер инспекция, мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасы мен жер қатыныстары басқармасының командалары, Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасы құрамаларының футболшылары да мықтылықтарын дәлелдеуге тырысты. Осылайша, ашық біріншілікте облыстық 8 департамент пен 9 басқармасының қызметкерлері достық пен бірлікті, спортты насихаттап тарқасты.