Түркістанда Ninety One тобының концерті өтпейтін болды - ұйымдастырушы

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Көпшіліктің наразылығынан кейін Түркістан қаласында «Ninety One» және «Shiza» топтарының концерті өтпейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда Ninety One тобының концерті өтпейтін болды - ұйымдастырушы

«Түркістан қаласының әкімдігі тұрғындар наразылығын ескере отырып, шараны ұйымдастырушы «Керуен сарай» туристік кешенінің басшылығына концертті өткізбеу жөнінде ұсыныс жолдады. Нәтижесінде, кешен әкімшілігі аталған әншілермен келісімді бұзғанын хабарлаймыз», - деп хабарлады «Керуен сарай» әкімшілігі.

Айта кетейік, 28 мамыр күні «Ninety One», ал 4 маусымда «Shiza» тобының концерті өтуі керек болатын. Алайда, жергілікті тұрғындар желі арқылы қос топтың концерт қоюына қарсылық білдірді. Көпшілік олардың рухани астанада өнер көрсетуі дұрыс емес деген мазмұнда пікір жазған.