Түркістанда облыстық соттың жаңа ғимараты салынады

АСТАНА. ҚазАқпара - Түркістанда облыстық соттың жаңа ғимараты салынады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Облыстық сот Түркістан қаласына ауыстырылып, уақытша орналасу мәселесі шешілді. Жүйелі негізде 2,7 млрд теңге сомаға жаңа ғимараттың құрылысы жоспарлануда. Ол кешенді жоспар аясында салынады. Бұл қаржыны республикалық бюджеттен қарастыру ескерілген», - деді Руслан Дәленов.

Сонымен қатар, ол Шымкентте жаңа қалалық сот, төрт аудандық сот құрылғанын еске салып өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының  әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. 

Белгілі болғандай, алдағы сегіз жылда Шымкент республикалық бюджеттің донор қаласы деңгейіне жетеді.

 

Соңғы жаңалықтар