Түркістанда «Рәміздер алаңы» аллеясы ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанда «Рәміздер алаңы» аллеясы ашылды. «Түркістан - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында пайдалануға берілген алаңның ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда «Рәміздер алаңы» аллеясы ашылды

«Рәміздер алаңында» көк аспанды тіліп ұшқан қыранның, жер мен көктің арасында қалықтаған тұлпардың, сондай-ақ Әнұранның биік тұғыры орнаған. Мұнда елдік мұратты меңзеген қанатты сөздер арнайы тастақтаға жазылған. Тәуелсіздік пен мемлекет символына айналған рәміздер алаңының киелі шаһарда бой көтеруі - рухани жаңғырудың алғашқы қадамдары деуге болады. Жаңа нысанда көпшіліктің демалысы үшін бар жағдай жасалған. Су сылдырымен әсем үндескен, әуезді субұрқақ та алаңның көркіне әр беріп тұр. «Рәміздер алаңындағы қанатты сөздер ұрпақтарға үлгі болатын, алға жетелейтін сөздер. Сол тасқа басылған сөздерді өскелең ұрпақ осы бақты аралап жүргенде оқып жүрсін, сіңіріп жүрсін. Бұл біздің еліміздің егемендігін, тәуелсіздігін қорғауға бағыттайтын рухани күш, рухани қару. Осындай рухтанған азаматтарды, елді ешкім жеңе алмайды»,- деді Жансейіт Түймебаев.
null 

Қасиетті шаһарда алаңның ашылуы халыққа үлкен қуаныш сыйлады. Бұл үлкен бір игілікті істің бастауы болмақ. 

Нысанда негізгі элемент ретінде жалпы биіктігі 62,5 метрді құрайтын ту орнатылған.
 null 
null 

Сонымен қатар, түрлі кіші архитектуралық формалар мен су бұрқағы орнатылған. Жаңадан бой көтерген Қазақстан Республикасы Туы ілінген тұғырдың биіктігі 62,5 метрді құрайды. Ал, Тудың ені 12 метр болса, ұзындығы 24 метр. Нысанның сметалық құны - 226,302 млн теңгені құрайды. Құрылысы маусым айында басталып, қазан айында аяқталып отыр.
null null