Түркістанда семіздікпен ауыратын науқастар асқазанын ота жасап кішірейтеді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан өңірінде бариатриялық хирургияны дамыту жоспары іске асып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының қолдауымен Астана медицина университетінің профессоры, ҚР Бариатриялық хирургтар қоғамының төрағасы Орал Оспанов қалалық орталық ауруханада мастер-класс өткізген.

Мастер-класс барысында 35-55 жас аралығындағы науқастарға ота жасалды.

Бұл күрделі ота семіздік пен қант диабетіне шалдыққан науқастарға жасалады.

Ота кезінде үлкейген асқазанның мөлшері кішірейтіліп, тікелей аш ішекке жалғанады.

Нәтижесінде науқастардың салмағы қалыпқа келіп, зат алмасу процесі тұрақталады.

Айта кетейік, осы отаны жасатуға науқастар басқа қалалардан да келген. Отадан кейін науқастар 4-5 күн ауруханада ем қабылдайды.

Ал отаның нәтижесі, яғни салмақтың азаюы, зат алмасудың қалыпқа келуі бір ай көлемінде сезіле бастайды.


Соңғы жаңалықтар